Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дәрігер "Омикрон" штаммынан кейін балаларда қандай асқынулар пайда болуы мүмкін екенін айтты

"Омикрон" коронавирусының штаммы балаларға қалай әсер етуі мүмкін екенін №4 Атырау қалалық емханасының дәрігер-эпидемиологы Тлепберген Хамзин айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ATPress басылымына сілтеме беріп хабарлайды. 

Хамзин қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша COVID індеті байқалып жатқанын еске салды. Жаңа штаммды жұқтыру жылдамдығы дельта штаммымен салыстырғанда 5-10 есе жоғары. Ауру тұмаудан басталады: денеде ауырсыну, қызу байқалады.

"Омикрон" 20-39 жас аралығындағы жастарға белсенді түрде беріледі.

Хамзиннің айтуынша, балаларда бұл ауру жеңіл өтеді. Алайда екі-үш айдан кейін балада көп жүйелі қабыну синдромдары пайда болуы мүмкін. Яғни өкпенің, тыныс жолдарыны, тамырлар, жүрек, бүйрекке зақым келеді, жүйке жүйесіне теріс әсер етеді.

"Вакцина аурудан қорғанудың ең тиімді және жалғыз тәсілі болып қала береді", – деді ол.

Сондай-ақ, дәрігер бетперде тағы, қолды таза ұстау, адамдар көп жиналатын орындарға, сауда нүктелеріне бармау, қонақ шақырмау сияқты қарапайым сақтық шаралары маңызды екенін атап өтті.

 

Талқылау