Қазақстандық биші Жапонияда өткен брейк-данс жарысында жеңіске жетті
Қазақстандық Әмір Закиров брейк-данстан рейтингтік турнирде бірінші орын алды. Жарыс Жапонияда өтті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарысқа әлемнің 48 елінен 180 спортшы қатысты. Екінші орынды АҚШ өкілі, үшінші орынды жапониялық биші жеңді.
"Бұл спорт елімізде жылдам қарқынмен дамып келеді. 2020 жылы брейкинг ресми түрле олимпиадалық спорт ретінде мойындалып, 2024 жылы Парижде өтетін ойын бағдарламасына қосылды", – деп мәлімдеді ҚР брейкинг ассоциациясының баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасының өкілдері Олимпиада ойындарында оларға үлкен үміт артылғанын айтады. Себебі олар әлемдік аренада өздерін үздік деп санайды.
Әмір Закиров – ресейлік және еуропалық талай жарыстарды жеңімпаз атанған. Сонымен қатар ТНТ арнасындағы "Танцы" шоуының үшінші маусымына қатысты.
Талқылау

