Қазақстандық балуандар Түркияда өткен халықаралық турнирде бес жүлде жеңіп алды
Фото: olympic.kz
Түркияның Коджаэли қаласында өткен еркін күрестен халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы бес жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама екі алтын және үш күміс медальға қол жеткізді.
74 келі салмақ дәрежесінде Нұрқожа Қайпанов пен 97 келіде белдескен Ризабек Айтмұхан чемпион атанды.
Күміс жүлделерді ел қоржынына Начын Куулар (70 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі) және Әлішер Ерғали (125 келі) салды.
Осылайша командалық есепте Қазақстан балуандары екінші орыннан көрінді. Бірінші орын иесі — Түркия құрамасы, ал үшінші орынды Болгария командасы иеленді.
"Акушерьге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
Әйел: “Әр қараған адамға 2 мың теңгеден екі күнге 60 мың теңге бердім”
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады

