Қазақстандық балуан Азия чемпионатында еркін күрестен алтын медаль жеңіп алды

Фото: uww.org
Бішкекте еркін күрестен жастар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды. Қазақстанның намысын қорғаған 18 жастағы Едіге Қасымбек алтын жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
125 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшы Едіге Қасымбек ел қоржынына алтын жүлде салды. Финалда қазақстандық балуан моңғолиялық спортшы Нагантулга Дармаабазармен кездесіп, 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша, Едіге U20 санатында Азия чемпионы атанды.
Отандасымыздың бұл жеңісі еркін күрестен 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы үшін құрлықтық турнирдегі жалғыз алтын медаль болды.
Еске салайық, бұған дейін Едіге Қасымбек еркін күрестен Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген