Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық азаматтың асқазанынан ішіне кокаин салынған 42 капсула табылды (видео)

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бразилиядан БАӘ арқылы Қазақстанға және одан әрі Түркияға кокаин жеткізудің халықаралық арнасын анықтап, жолын кесті. Іс-шара барысында қазақстандық азаматтың асқазанынан ішінде кокаин бар 42 капсула табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық азаматтың асқазанынан ішіне кокаин салынған 42 капсула табылды (видео)

Атап айтқанда, 2019 жылғы наурызда ҰҚК-ның Алматы қаласы бойынша департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы әуежайдан контрабандалық жолмен кокаин тасымалдады деген күдікпен «Дубай-Алматы» әуе рейсінің жолаушысы, Қазақстан азаматы Сатыбалдиевті ұстаған болатын.

«Ұсталған адамды тексеру кезінде, Алматы қалалық клиникалық ауруханасының медициналық қызметкерлері жүзеге асырған процедуралар барысында Сатыбалдиевтың асқазан-ішек жолдарынан жалпы салмағы 460 грамм кокаины бар 42 капсула табылып, алынды.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде оның туыстық байланысы Құрманбаева ұсталды. Ол көрсетілген есірткі партиясын Бразилиядан Қазақстанға контрабандалық жолмен жеткізуді ұйымдастырған. Сондай-ақ, оларды Түркияға тасымалдамақшы болған», - дейді ҰҚК-дағылар.

Биылғы жылдың маусымында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен Құрманбаева мен Сатыбалдиев Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және 286-бабы 4-тармағы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша кінәлі деп танылып, 15,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесінде өтейді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеру: Тоқаев CNPC басшысына тапсырма берді

Президент қазақстандық үлесті арттыруға байланысты бірқатар міндеттер жүктеді

Сағатына 7 отбасы: Елімізде күніне 150 жұп ажырасады

Қоғам белсендісі: Тойда құдағиына қызын тапсырып, тәрбиелеңіз дейтіндерге қарным ашады

Мамандар: 6 айдан асқан сәбилер жұмыртқа, ет өнімдерімен қоса дәуірмендері бар көкөністер жеу керек

Соңғы 10 жылда балалардың тамақтану дәстүрі мүлдем өзгеріске ұшыраған

Тыныс алуы нашар болды: Ер адам 20 жыл бойы мұрнына тіс өскенін байқамаған

Дәрігерлер науқастың мұрнынан тісті алып тастады

Қазақстандық банктер пайыздық мөлшерлемелерді қашан төмендетеді

Бұл туралы Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев айтты

"Көріп тұрып амандаспай өтіп кететін едік": Қызы Заманбек Нұрқаділовпен қарым-қатынасы туралы

Құралай Нұрқаділова әке мен қыздың арасына түсушілердің болғанын жасырмады

Қазақ халқында қасиетті саналатын жеті саны шынымен киелі ме? Нумеролог түсіндіреді

Нумеролог әр адамның тағдырын айқындайтын санды қалай анықтауға болатынын көрсетті

Қазақстандықтар девальвацияға дайындалуы керек пе? Министр жауап берді

Министр девальвацияның ықтималдығы туралы мәселеге тағы бір түсініктеме берді

"Ұлыма "әкең террорист" деген сөз ауыр тиіп жүр": Сириядан оралған қазақтың әңгімесі

Ажмамбетов Жандос Сириядан шығу үшін адам басына 10 мың доллар сұрайтынын айтты

Алматы облысының әкімі Қапшағай басшысына қатаң сөгіс жариялады

Кездесу барысында 10 ай ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижесі талқыланды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр