БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық ауыр атлетші әлем чемпионатында екінші алтын жүлдені иеленді

Ауыр атлетші Дарья Ахмерова Фиджиде өткен Әлем чемпионатында екінші алтынға ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ауыр атлетикадан чемпионатта Дарья Ахмерова Қазақстан командасына екінші алтын медальді алып келді. Халықаралық жарысқа алғаш рет қатысқан 20 жастағы спортшы жалпы 236 келі есеппен (103+133) әлем біріншілігінің алтын жүлдесін бірден иеленді», - делінеді хабарламада.

Сонымен қатар Ахмерова жұлқи көтеруден «кіші» алтын медальді және серпе көтеруден де «кіші» алтын медальді иеленді. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Карина Құзғанбаева әлем біріншілігінің алтын жүлдесін иеленген еді. Қазақстан қоржынында екі алтыннан бөлек, Артем Антропов иеленген «күміс» жүлде бар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр