Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында топ жарды
Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Азия чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Дохада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды. 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Денис Полубояринов сәтті өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Қос сайыс нәтижесі бойынша спортшы жалпы 366 (161+205) келіні еңсерді. Екінші орынды ирандық Сепах Амирхосейн 349 (162+187) келімен иеленсе, үздік үштікті оның отандасы Эсфандиари Мохаммад 334 (152+182) келімен қорытындылады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақжол Кұрманбек екі әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионатында топ жарғанын жазған едік.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты
Кейіпкердің 15 миллион теңге берешегі болған
Көкжайлаудағы тау шаңғысы курорты Шымбұлақтан 3 есе үлкен болады: Қоғам белсенділері жобаны неге сынға алып жатыр?
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев

