Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық зілтемірші Алексей Чуркин ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап, қоссайыстың қорытындысы бойынша Чуркин 368 (164+204) келіні көтеріп, екінші орынға ие болды. Жеңіс Солтүстік Кореялық Ри Чон Чонға бұйырды, оның нәтижесі – 371 (166+205) келі. Қола медальды Мухаммадқодир Тоштемиров 355 келі: 165+190) жеңіп алды.
Айта кетейік, осы салмақ дәрежесінде қазақстандық Александр Уваров та өнер көрсетіп, 351 (160+191) келі нәтижесімен бесінші орынға тұрақтады.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі

