Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Украинаға әскери техника жөнелтілгені туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Қорғаныс министрлігі желіде жарияланған қазақстандық әскери техниканың Украинаға жөнелтілгені туралы ақпаратты түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің баспасөз қызметі ақпаратты жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желілердегі қазақстандық әскери техниканың Украинаға жөнелтілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жарияланған бейнежазба мұрағаттан алынған, өйткені бронетранспортерлер жоспарлы жөндеуге жіберілген, ал әскери техника қазір сақтауда тұр", – деп хабарлады министрлік.
Сонымен қатар, 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстаннан қару-жарақ пен әскери техниканы әкетуге тыйым салынғаны хабарланды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы жолдарымен өтіп бара жатқан техника түсірілген видео тараған болатын.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген