Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық актер диснейлік "Мулан" фильмінде бой көрсетті (видео)

Қазақстандық каскадерлер диснейлік "Мулан" фильмінде ойнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі InAlmaty басылымына сілтеме жасап.

Disney студиясының түсіріп жатқан "Мулан" атты туындысы 2020 жылдың наурыз айының 27-жұлдызында жарыққа шықпақ. Кинодағы рөлдердің бірін қазақстандық Nomad Stunts тобының негізін қалаушы, актер, каскадер Жайдарбек Күнгүжінов сомдаған. Жайдарбек Күнгүжінов қасқырлар отрядының әскері рөлін ойнайды.

"Disney студиясымен бірігіп жұмыс істеу деген арманым орындалды. Оның үстіне актер болып. Жақсы фильм шықты деп үміттенемін", - дейді Жайдарбек Күнгүжінов

"Мулан" фильмінің анонсы 7 шілде күні жарияланды. Туынды 1998 жылғы "Мулан" мультфилімінің дамуы болып табылады. Фильмдегі басты рөлді қытайлық актриса Лю Ифэй сомдады. Сонымен қатар, туындыда белгілі актер, күресу өнерінің шебері Джет Ли де бой көрсетпек.

Туындының түсірілімі Жаңа Зеландияда өткен. Сонымен қатар, Nomad Stunts каскадерлері де бұл кинода өз қызметтерін жақсы атқарып шыққан.

Талқылау