Қазақстандағы университеттер оқу ақысын қаншалықты көбейткен?

Қазақстандағы университеттер оқу ақысын қаншалықты көбейткені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы білім және ғылым министрінің БАҚ және қоғаммен байланыс бойынша кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан айтып берді. Әлеуметтік желілерде кең тараған ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖОО-дағы оқу ақысын 20%-ға өсіретіні туралы ақпаратты жоққа шығарды Мұхаметжанов.

"Мемлекетімізде 131 ЖОО бар, соның көбі жекеменшік, олар нарықтың ыңғайына қарай жұмыс істейді. Министрлік нарық заңдылығына араласа алмайды. Бірақ, ақылы оқудан бөлек гранттар да бар екенін айтқым келеді. Гранттардың саны өткен жылы 20 мыңға көбейсе, биыл тағы Президенттің тапсырмасына сай 5 мыңға көбейді", - дейді Ерболат Мұхаметжанов.

Мемлекеттік гранттардың өскенін тілге тиек етіп, жекеменшік оқу орындарының құнын бағамдай алмайтынын түсіндірді. Қазіргі таңда еліміздегі ЖОО-ның орташа құны 350-420 мың теңгені құрайтынын айтып, биылғы жылы керісінше оқу ақысының арзандағанын да жеткізді ол.

"ҚарМУ-да оқу құны 7000 теңгеге азайса, Алматы менеджмент университеті оқу ақысын 7%-ке төмендетуге ниетті. Тек кейбір ЖОО-дары оқу ақысын шамамен 4-8%-ға арттырды. (Оқу ақысын арттырған ЖОО-дары: ЖМУ - 4%, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ - 8-10%, Каспий қоғамдық университеті - 10%, Абай атындағы ҚазҰПУ - 1-2%, ХҚТУ - 8%, Қарағанды медициналық университеті - 3%, ҚазҰҚПУ - 7%). Ол студент пен университет арасындағы келісімнің нормаларына сәйкес", - дейді Мұхаметжанов.

Сонымен қатар, Ерболат Мұхаметжанов оқу ақысына өзгеріс енгізілмеген жоғарғы оқу орындарының тізімін жасаған. 

"Сәтбаев университеті, ПМУ, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, ЕТУ, Шәкәрім атындағы СМУ, Алматы энергетика және байланыс университеті, Тұран-Астана, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, Қарағанды экономикалық университеті, Әуезов атындағы ОҚМУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ, Қ.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – IITU, Семей қалалық медицина университеті, ҚазҰАУ", - дейді Ерболат Мұхаметжанов.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да жеңіліс: Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлде алды

Күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар үшін алтын жүлде бұйырмай тұр

10 адам жараланды: Арыста тағы да жарылыс болды

Полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

Тоқаевтың Нью-Йоркке неге баратыны белгілі болды

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен

Сәбидің денесін мазарда иттер сүйрелеп, талап тастаған

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр

"Ессіз ғашықпын": Yuframe блогері тойға қызу дайындық үстінде

Айымның таңдауы Талғат Итбаев есімді бизнесмен жігітке түскен

Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр