Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы гимназияларға көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар жеңілдікпен қабылданады

Қазақстанда алты және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасылардағы оқушыларға мамандандырылған гимназиядан орын беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің республикадағы кеңсесі көпбалалы отбасылардағы оқушылар тағы бір басымдыққа ие болатынын мәлімдеді.

Омбудсмен Артур Ластаевтың өтініші бойынша оқу-ағарту министрлігі мектептерге қабылдаудың типтік ережелеріне өзгерістер енгізді.

Аналары "Алтын алқа" және "Күміс алқа" медалімен марапатталған балалар халықтың әлеуметтік осал санатына енгізілді. Осы ережелерге сәйкес, мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсетіндердің 15%-ы халықтың осы санатынан болуы керек.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл шымкенттік көпбалалы ананың қызы Дулати атындағы №8 гимназияға жалпы негізде конкурссыз қабылдаудан бас тартқан өтінішінен кейін тиісті ведомствоға өтініш жасады.

Талқылау