Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәжіліс аясында елдегі балабақшаларда ағылшын тілін оқыту қажеттілігі туралы түсінік берді.

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

«Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады. Мұнда аз сағат қана ағылшын тілін өтетін мектепке дейінгі ұйымдар туралы сөз болып отыр. 

Бізде бірінші сыныпта ағылшын тілі болмағандықтан, мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілі қажет емес », - деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта сараптамалық топ жұмыс істеуде, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу жоспарлары қарастырылуда.

«Шешімдер түпкілікті қабылданып, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бекітілгеннен кейін біз сіздерге бұл туралы айта аламыз», - деді министр.

Талқылау