Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы АЭС құрылысы бойынша қоғамдық тыңдалым сайлауға байланысты кейінге қалдырылды

Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына байланысты қоғамдық тыңдалым сайлауға байланысты кейінге қалдырылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

аэс

Алматы облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің мәліметінше қоғамдық тыңдалымның қашан өтетіні алдағы уақытта жарияланады.



"Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылуына және сайлауға дайындыққа байланысты қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету мүмкін емес", – делінген әкімдік хабарламасында. 

Бұған дейін қоғамдық талқы 28 ақпанда Жамбыл ауданы Үлкен ауылының орта мектебінде өтеді деп жоспарланған. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 23 Ақпан, 2023 18:26