Қазақстанда жұмыс істейтін 64 елшіліктің тек 9-ы қазақ тілінде ақпарат таратып келген
Қазақстанда жұмыс істейтін 64 мемлекет елшілігінің тек 9-ы ғана қазақ тілінде ақпарат таратып келген. Астана қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің сөзінше, тағы 3 елдің сайты қазақша рәсімделген. Бірақ ақпарат ішінара салынады екен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Сәкен Есіркеп елшіліктердің ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларын шолып шыққан. Нәтижесінде Әзірбайжан, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Латвия, Франция, Чехия, Өзбекстан және Германия секілді тоғыз мемлекеттің өкілдігі қазақ тілінде мәлімет жариялайтынына көз жеткізген.
Ал АҚШ, Түркия және Жапония елдерінің сайты қазақ тілді нұсқасын әзірлеп қойған. Бірақ қазақша ақпарат қолжетімсіз. Әрі 36 елшіліктің сайтында қазақ тілінде мүлдем мәлімет жоқ. Демек ақпарат орыс, ағылшын және өз тілдерде ғана беріледі. Олардың қатарында Армения, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Украина мемлекеттері бар.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген