AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жол бойындағы автокөліктер тексерісі күшейтіледі

Қазақстанда полиция жолдардағы көліктерді тексеруді күшейтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

"Елімізде 18 шілдеден бастап Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша айлық өткізіп жатыр. Бұл профилактикалық шара жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында өткізіліп отыр және жол-көлік жарақаттары мәселесіне назар аударуға бағытталған", – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, демалыс кезеңінде және мерекелік маусымда қалааралық және облысаралық қатынаста көлік қозғалысы арта түседі.


Қазақстан шетелден автокөлік әкелуге шектеу қойғалы жатқан жоқ - Премьер-министрдің баспасөз қызметі 


"Ереже бойынша, жол-көлік оқиғаларының, соның ішінде ең ауыр салдары бар оқиғалардың қаупі артады. Осыған орай, шара аясында полиция қызметкерлері патрульдік және көлік құралдарын, соның ішінде жолаушылар тасымалына тексеруді күшейтеді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша айлық аясында полициямен өткізілетін барлық іс-шаралардың міндеті – жалпы күш-жігермен жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында азаматтардың назарын жолдардағы жарақаттану мәселелерін шешуге аудару", – деп қосты Ішкі істер министрлігі.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр