Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жеке деректер агенттігі құрылмақ

Қазақстанда жеке деректер агенттігі ашылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы цифрлық даму қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министрі Абылайхан Оспанов баспасөз конференциясында айтып берді. Жеке деректер агенттігін цифрлық даму қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі базасының негізінде дайындау ұсынылды.

"Бүгінде әрбір мемлекет өздері сақтап отырған жеке деректерге жауап береді. Сондықтан министрліктің ақпараттық қауіпсіздік комитетінің жеке базсында жеке деректер агенттігін қалыптастырмақпыз. Ол сіз бен біз туралы жеке деректерді сақтап, ақпараттық қауіпсіздікке жауап беретін болады", - дейді Абылайхан Оспанов.

Министрліктің сөзінше агенттік жеке деректер базасындағы ақпарат тарап кеткен жағдайда жауапкершілікті өзіне алады. Сонымен қатар, егер жоба мақұлданса, іске кірісуге толығымен дайын екендерін айтты вице-министр.

"Бұл ұсыныс қазіргі таңда қаралып жатыр. Қолдау тапқан жағдайда жұмыс қолға алынып, жеке мәліметтерді қалыпқа келтіріп, осы сұрақтардың шешімі қарастырылатын болады. Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне берейін деп отырған бұл жобамызды комитет мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, реттестірмек", -  дейді Абылайхан Оспанов.

Естеріңізге сала кетейік, хакерлік шабуылды болдырмау үшін қазақстандықтардан смартфондарына арнайы сертификат орнатуды сұраған. 

 

Талқылау