Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа 20 мың жұмыс орны ашылады: оның қаншасы қытайларға тиесілі?

Қазақстан мен Қытайдың инвестициялық құрылыстары Қазақстан Республикасы заңнамасының шеңберінде жүргізілетін болады. Бұл туралы Kazakh Invest компаниясының баспасөз хатшысы Николай Путилин айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қазақ инвест компаниясы

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан 120-дан астам мемлекеттен елге 330 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартты. Осылардың 5%-і Қытай Халық Республикасына тиесілі. 

«Қытай мен Қазақстан бірігіп индустриалды-инвестициялық серіктестік аясында жоғары технологиялық әрі бәсекеге қабілетті, өнімдерді шетелге шығаруға бағытталған кәсіпорындар ашпақ. Осы кәсіпорындарда 20 мың адам жұмыс орнымен қамтылады. Олардың 90%-і қазақстандықтар болады», - деді компанияның баспасөз хатшысы. 

Сондай-ақ, ол мемлекет өңірлерінде жүзеге асатын барлық жоба Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жүргізілетінін айтты. Әсіресе, экологиялық және басқа стандарттарға қатысты. Барлық жоба бірі қалмай мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға міндеттеледі. 

Талқылау