Қазақстанда үшінші елдерге экспорттау үшін ресейлік астықты импорттаудың сұр схемасы анықталды
Қазақстан аумағы арқылы үшінші елдерге экспорттау мақсатында ресейлік астықтың сұр импортының схемасы анықталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қазақстан аумағы арқылы үшінші елдерге одан әрі экспорттау мақсатында ресейлік астықтың сұр импортының схемасын ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті облыстың көлік прокуратурасының үйлестіруімен анықтады", - делінген дүйсенбі күні тараған ақпаратта.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ЖШС 2021-2022 жылдары 1 млрд теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға экспорттаған.
- Қазақстанда пияз арзан бағада сатылып жатыр - Сауда министрі
- Қазақстан қанттың 60 пайызын шетелден импорттайды - АШМ
"Бұл ретте қазақстандық компания жеңілдетілген экспорттық тарифті алу үшін отандық шаруа қожалықтарынан астықты қазақстандық екенін растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған, бұл транзиттік тарифтен жалтарып, "ҚТЖ Жүк тасымалы" ЖШС-не 150 теңгеге жуық сомасында залал келтіруге әкеп соқты", - деп қосты агенттік өкілдері.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік