Қазақстанда тұрғын үйді жалдау құны қалай өзгерді – Статистика
Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу құны төмендеген. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2023 жылдың қаңтарында баға желтоқсанмен салыстырғанда 2,5%-ға төмен болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар елде жаңа үйлердің сату бағасы 0,7%-ға, пәтерді қайта сату құны 0,3%-ға көтерілген.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы 481 891 теңге, ал қолданыстағы үйдің 1 шаршы метрі 515 019 екен. Жалға алу құны 1 шаршы метрі үшін 4 671 теңге екен.
"Сонымен қатар 1 жылда (2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін) қолданыстағы пәтердің құны 18,7%-ға, жаңа пәтердің бағасы 14%-ға өскен. 2023 жылдың қаңтарында қолданыстағы үйді жалға беру бағасы 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 34,3%-ға көтерілді", – деп қосты бюро өкілдері.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген