Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда TikTok жұмысында ақау пайда болды

Фото: pixabay.com

23 сәуірде қазақстандықтар TikTok видеосервис жұмысына қатысты шағымданды. Олардың айтынша, сайтқа кіру кезінде қиындықтарға тап болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандықтар танымал TikTok сервисінің жұмысындағы ақауларға байланысты ашуланып, келесідей мәселелерге тап болғанын айтты:

  1. Жарияланымдарды жүктеу мен жаңалықтар тізімін жаңартуда қиындықтар туындаған.
  2. Web нұсқасы арқылы желіге кіргенде, әсіресе авторизациядан өту кезінде қиындықтар байқалады.

Downdetector қызметінің деректеріне сексек, кейінгі бір сағатта TikTok жұмысына қатысты шағымдардың негізгі бөлігі, яғни 79%-ы Қазақстаннан тіркелген.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев сәуір айында журналистерге берген сұхбатында TikTok жұмысының бұзылуы ел ішінде әдейі баяулатумен байланысты емес екенін түсіндірген еді.


Қазақстанда жасанды интеллект функциялары бар жаңа eGov порталы биыл іске қосылады


Әділет министрлігі қазақстандық әртістердің музыкасы Instagram желісіне қайта шыққанын растады


Еске салайық, бұған дейін цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев TikTok жұмысындағы мәселеге байланысты VPN-ді қолданбауға кеңес берді. Ол VPN қолдану платформаның жұмысын баяулататынын атап өтті, себебі ІР мекенжай өзгергенде контент модерациясы қиындайды. Министрдің мәліметінше, TikTok өкілдерімен ақауға байланысты келіссөздер жүріп жатыр. Интернет желісінде платформа жұмысына тікелей кедергі келтіретіндей ақау анықталмаған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 23 Сәуір, 2025 13:15