Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда темекіге қарсы шаралар күшейтілетін болады

Кейбір қазақстандықтар 12 жасынан бастап темекі шегуді бастайды екен. Сол себепті қоғам белсенділері "Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі" туралы заңға жаңартулар енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

 

Айтуларынша, азық-түлік дүкендеріндегі темекінің жарнмасын азайту қажет. Бұған қоса темекіге қарсы қозғалыстың мүшелері дүкендер мен үлкен сауда орталықтарында темекі өнімдерін балаларға арналған тәттілердің жанына орналастыратынын жеткізді. Олар темекіні ашық түрге қоймай, оны жасыру зиянды әдеттің алық арасында таралуын алдын алады. Еуропа мемлекеттерінде мұндай бастаманы 2000 жылдан бастап қолға алыпты. Белсенділердің бұл ұсынысын "Nur-Otan" партиясы мен денсаулық сақтау министрлігі қолдапты. 

"Бұл бастама ересектер мен жасөспірімдер арасында темекінің таралуын алдын алады. Мысалы темекі жабық, көрсетілмейтін жерде тұруы дұрыс, ал темекі шегетін адам бәрібір оны көрмесе де сатып алады. Біз оның бағасы мен қолжетімділігіне тиіспейміз, тек оның жарнамалауын айтып жатырмыз. Біздің қозғалыс темекі шегушілерге емес, темекі түтініне қарсы бағытталған. Ал темекіге тәуелділік қазіргі таңда аурудың бңрң ретінде саналады", - деді "Темекі түтінінен таза Қазақстан үшін" ұлттық коалициясының көшбасшысы Жәмиля Садықова. 


 

Талқылау