Қазақстанда теле және радиоарналар хабар таратуын тоқтатады

17 сәуірде Қазақстанда теле және радиоарналар хабар таратуын тоқтатады, деп хабарлайды Stan.kz «Қазтелерадионың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанда теле және радиоарналар хабар таратуын тоқтатады

Ұлттық оператордың мәліметінше, 17 сәуірде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін профилактикалық жұмыстар жоспарланған. Бұл уақытта теле және радиоарналар хабар таратуын тоқтатады. 

«Қазтелерадиодағылар» түсіндіргендей, бұл шаралар халықты теле және радиохабарларды таратудың сапалылығымен қамтамасыз ету үшін жасалады. 
Компаниядағылар қазақстандықтардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр