Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тек "Отбасы банк" елдік рейтингке ие

Fitch Ratings агенттігі «Отбасы Банкінің» тұрақтылық рейтингісін елдік деңгейге дейін көтерді. 

фитч

Бұған дейін «Отбасы банктің» ұлттық валютадағы ұзақмерзімді эмитент дефолтының рейтингісі «ВВВ-» болатын. Ал осы жылдың 9 наурызында Fitch Ratings агенттігі рейтингті «ВВВ» деңгейіне дейін көтерді. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты» деп саналады. 

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдарының 34%-ы, ипотекалық кредиттердің 50%-ы «Отбасы банк» АҚ-на тиесілі. Осы көрсеткіштер бойынша аталмыш қаржы институты отандық екінші деңгейлі банктердің арасында көш бастап тұр. Бүгінгі күні тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың саны - 1 миллион 862 мың адам. Бұл - экономикалық белсенді халықтың 20%-ы. Сонымен қатар,  2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктің активтері 1,7 триллион теңгені құрайды.

Бұл ретте Fitch агенттігі жеке тұлғалардың мемлекет субсидиялайтын жинақ шоттарының тұрақты ағыны мен мемлекетпен бірлескен қорландырудың нәтижесінде  банктің тұрақты өсуінің ұзақ тарихын ерекше атап көрсетті. Яғни, 2010-2020 жылдары жылына орта есеппен 35% өсім бар. Соның нәтижесінде қазіргі уақытта банктің даму институты ретіндегі қызметі елдің экономикалық белсенді халқының 20%-ын қамтып отыр. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, осыдан 10 жыл бұрын бұл көрсеткіш тек 2%-ға тең еді. Өз кезегінде мұндай оң өзгерістер банктің даму институты ретіндегі функцияларын басқа агентке беруді айтарлықтай қиындатады. 

Мемлекеттік саясаттың міндеттерін орындау мақсатында төмен пайыздық  мөлшерлеме қарастырылады. Сондықтан, банктің жекешелендірілуі екіталай. Тіпті, қазіргі уақытта бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. 

Fitch есебінде «Отбасы банкке» активтердің сапасы тұрақты (құнсызданған кредиттердің көрсеткіші 2020 жылдың соңындаа 0,7%-ды құрады) әрі капитал қоры мықты екеніне назар аударды. Сол себепті алдағы уақытта капитал төтенше қолдауға мұқтаж болмайды. Мұны Fitch әдіснамасы бойынша негізгі капиталдың көрсеткіші өткен жылдың соңына 37% болуы да дәлелдейді. Банктің қорландыру құны төмен және ұзақ мерзімді болып табылады. Оған қоса, өтімділіктің қалыпты қоры (2020 жылдың соңындағы барлық активтердің 22%) банктің таяудағы үш жылда ипотекалық кредиттер беруге қатысты шартты міндеттемелерді сақтауы үшін жеткілікті деп есептеледі. 

«Fitch Rating» агенттігінің деректері елдік рейтингі бар Қазақстандағы екінші деңгейлі жалғыз банк - «Отбасы Банкінің» тұрақтылығын  растайды. Бұған дейін, атап айтқанда 2007 жылдан бастап «Отбасы банк»  екі «Moodys» және 2014 жылдан бастап «Fitch» агенттіктерінің рейтингтерін алды. 

Осы орайда банктің ең басты жетістігі - экономикалық белсенді халықтың 20%-ын депозиттермен қамту және кредиттерді белсенді түрде беру. Банк активтерінің 80%-ы несие портфелінде орналасқан». - деп атап өтті «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова. 

Талқылау