Қазақстанда Roblox платформасы бұғатталмайды
Фото: shutterstock.com
Қазақстанда Roblox онлайн ойын платформасын бұғаттау жоспарда жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.
“Roblox бойынша біз App Store немесе Google Play-ге ешқандай өтініш білдірген жоқпыз. Қазір біз Roblox-қа кіруге шектеу қою немесе бұғаттау мәселесін қарастырып отырған жоқпыз. Тіпті алдағы уақытта онлайн платформаларға тіркелуді 16 жасқа дейінгі қолданушыларға шектеу енгізу мәселесі туындаса, ол Roblox-қа ешқандай әсер етпейді. Заңнамаға сәйкес, Roblox онлайн платформа болып саналмайды. Яғни, бұл нормалар қабылданған күннің өзінде де Roblox-қа әсер етпейді”, – деді вице-министр.
Қазақстандық ата-аналарға интернеттегі Roblox ойынына қатысты ескерту жасалды
Сонымен қатар вице-министр бұл платформаға қатысты ата-аналар қоғамынан ешқандай шағым түспегенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге тіркелу жасына шектеу енгізу ұсынылған еді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі