Қазақстанда пияз бағасы тұрақтанды - Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстанда пияз қоры жеткілікті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Бізде пиязды тұтыну көлемі 300 мың тоннаны құрайды. Пиязды экспорттау мүмкіндігіміз бар, дегенмен бастысы ішкі нарық қамтамасыз ету қажет. Пиязға қатысты жағдай тұрақталды. Бүгінде елімізде 70 мың тонна пияз қоры бар, оның 30 мың тоннасы Жамбыл облысында", - деді Ербол Қарашөкеев үкімет отырысынан соң журналистердің сауалына жауап бере тұрып.
Сонымен қатар министр қазір пияз бағасы тұрақтанғанын айтты.
"Жамбыл облысында пияз 200 теңге тұрады, ал Астанада 260-300 теңге шамасында. Дүкендерде 300-360 теңге арасында. Пияздың құны оның бастапқы сатып алынған бағасына да байланысты. Қазір баға тұрақтанды, жағдай бақылауда. Сондай-ақ пиязды экспорттауға уақытша тыйым салынды. Сондықтан пиязсыз қалмаймыз", - деді Ауыл шаруашылығы министрі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген