Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өрт сөндірушілер суға батқандарды құтқаруға міндеттеледі

Қазақстанда суға батқан адамдарды құтқару үшін өрт сөндірушілер тартылады. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің төрағасы Владимир Беккер баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қазақстанда өрт сөндірушілер суға батқандарды құтқаруға міндеттеледі

«Шомылу маусымына қатысты өрт сөндіру қызметтері есебінен біздің қызметкерлерімізді қоғамдық демалу орындарын бақылауға жіберу туралы шешім қабылдадық. Демалыс күндері, сенбі және жексенбі күндері бізде төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттер мен бөлімшелердің қызметкерлері жұмыс істейді. Өкінішке қарай, бізде мұндай статистика бар», - деді Беккер.

Беккеh өз сөзінде өткен аптада елдің су қоймаларында 61 адам, соның ішінде 22 бала қайтыс болғанын хабарлады. Оның айтуынша, суға кету өлімнің басты себебі - өз күшін бағаламау және балаларын бақылаусыз қалдыру.

Журналистердің сауалдарына жауап берген Беккер өткен жылы комитет білім және ғылым министрлігімен бірлесіп мектеп оқу бағдарламасына жүзіп үйрену сабағын енгізді. Жыл сайын қыс мезгілінде мүмкіндігі бар бөлімшелерде балаларға жүзуді үйретеді. Кішкентай балаларға келетін болсақ, оларды қадағалаусыз судың жанында мүлде қалдырмау керек.

Комитет төрағасы сондай-ақ биылғы маусымда су қоймаларында қаза тапқан 154 адамның 13-і арнайы жабдықталған жерлерде қаза болғанын атап өтті. Адамдар көзбен судың ағысы мен тереңдігін анықтай алмайды. Қаза болғандардың көпшілігі суда жүзе алатан жандар еді. 

Талқылау