AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Наурыз мейрамы кезінде қосымша пойыздар іске қосылады

Қазақстанда Наурыз мерекесі кезінде жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты қосымша пойыздар қатынайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан темір жолы компаниясының баспасөз қызметінің айтуынша, "Жолаушылар тасымалы" АҚ мына коммерциялық пойыздарды іске қосады:

"Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент" бағытындағы №202/201 пойызы елордадан 18, 21, 24 наурызда жөнелтіледі. Шымкенттен 19, 21, 25 наурызда кері қайтады;

"Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-1" бағытындағы №204/203 пойызы елордадан 18 және 21 наурызда жолға шығады. Сол пойыз 19 және 22 наурызда кері қайтады;

"Ақтөбе – Атырау" бағытындағы №206/205 пойызы Ақтөбеден 18 және 20 наурызда, ал Атыраудан 19 және 21 наурызда жолға шығады;

"Алматы-2 – Шымкент" бағытындағы №207/208 пойызы Алматыдан 18 және 20 наурызда аттанады. Бұл пойыз 19 және 21 наурызда кері қайтады.

Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара ашылғанға дейін төрт халықаралық пойыздың бағыттары уақытша қысқартылды. Олар облыстар арасында жүреді:

"Алматы-2 – Саратов" бағытындағы №7/8 пойызы Орал станциясына дейін қысқартылды. Ол Алматыдан 1 наурыздан тақ күндері, Оралдан Алматыға 4 наурыздан жұп күндері шыға бастайды;

"Қарағанды – Омбы" №145/146 пойызы Петропавл станциясына дейін қысқарды. Бұл құрам Қарағандыдан Петропавлға және кері қарай 2 наурыздан бастап жұп күндері қатынайды;

"Алматы-2 – Новосібір" бағытындағы №301/302 пойызы күнара жүрумен Семей станциясына дейін қысқартылды. Ол Алматыдан 2 наурыздан бастап жұп күндері жолға шығады. Кері бағытта дәл осы пойыз 3 наурыздан бастап тақ күндері жүреді;

"Атырау – Астрахань" бағытындағы №625/626 пойызы Дина Нұрпейісова станциясына дейін қысқарды, күнара қатынайды. Атыраудан кері бағытта құрам 2 наурыздан бастап жұп күндері жүреді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр