Қазақстанда мешіттер мен шіркеулер қайта ашылады

31 тамыздан бастап қазақстандықтар қайтадан мешіттер мен шіркеулерге бара алады. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды ​​облысындағы мешіттердің бірінде үш адам қайтыс болды

Отырыста нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.

"31 тамыздан бастап ұжымдық іс-шараларды өткізбей, діни нысандардың қызметін жеке келушілер үшін қайта бастау туралы шешім қабылданды", - делінген премьер-министрінің сайты.

Сондай-ақ, мәдениет, спорт және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметіне рұқсат етілген.

Айта кетейік, шіркеулер мен мешіттер наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимін енгізілгендіктен карантинге жабылды.

Мамыр айында карантин әлсірегеннен соң діни нысандар біраз уақытқа қайта қызметін бастады. Шілдеде карантин қайтадан күшейтілді.

Он төртінші тамызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құзыретті органдарға карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттерді қайта ашуды ұсынды.


Дұға міндетті түрде қабыл болатын 25 жағдай

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр