Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік бюджет есебінен сұлулық байқауларын ұйымдастыруға қарсы петиция жарияланды

Қазақстанда мемлекеттік бюджет есебінен сұлулық байқауын өткізуге қарсы петиция жарияланды. Әлеуметтік қызметкер және блогер Гуля Жакупова бұл туралы өзінің Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Елімізде жыл сайын мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен "Қазақстан аруы" әйелдер сұлулық байқауы өткізіледі. Мәселен, 2019 жылы оны ұйымдастыруға 132 млн теңге жұмсалды. Байқауды ұйымдастырушылар Қытай мен Үндістаннан келетін туристерінің есебінен шығындар өтелетініне сендірді.

Біз, ел азаматтары, үкімет осындай іс-шараларға қатысты көзқарасты қайта қарап, келешекте кез келген сұлулық байқауларын мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды тоқтатуы керек деп санаймыз", – делінген құжатта.

Белсенді тиісті құжатты мемлекет басшысына, үкіметке және мәжіліс депутаттарына жолдады.

Байқауларға тыйым салу идеясының бастамашысы Гуля Жақыпова мұндай іс-шаралар туризм тұрғысынан ел үшін айтарлықтай экономикалық тұрғыда әсер етпейді деп санайды. Бұдан бөлек, байқау сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік береді дейді ол.

"Соңғы екі жылда әлемнің барлық елдері, соның ішінде Қазақстан пандемияға байланысты экономикадан соққы алған кезде, мұндай шығындар бұдан былай тек болжанатын пайдамен айқындалмай ақтала алмайды. Мемлекеттік қазынаның шығындары салмақты, байсалды және этикалық негізге ие болуы керек", — деп пікірін білдірді әлеуметтік қызметкер.

Жақыпова коммерциялық ұйымдар ретінде есептелетін халықаралық конкурстарды мысалға келтіреді. Басқа елдерде оларды бизнес қолдайды. Себебі конкурстық шоу модельдік агенттіктер мен сән үйлеріне арналған алаң болғандықтан. Ал Қазақстанда модельдік бизнес мемлекеттік бюджеттен ақша инвестициялайтындай экономиканың басым секторы болып табылмайды, деп есептейді ол.

Блогер сұлулық байқаулары қоғамда әйелдерге қатысты біржақты пікір қалыптастырады деп санайды.

"Сұлулық байқаулары баспасөзде, теледидарда, жоғары оқу орындары мен колледждерде кеңінен таралады. Әйел үшін ең бастысы сыртқы келбеті арқылы қоғамда жақсы пікірлерге ие болу идеясын жеткізеді.

Оның сөзінше, мұндай байқаулар белгілі бір түрде тұрмыстық зорлықтың дамуына әсер етеді. 

 

Талқылау