Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн салқындайды

Қазақстандық синоптиктер 8-10 қазанға арналған ауа-райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері елімізде күн салқындайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 

Қазақстанда күн салқындайды

«Демалыс күндері Қазақстанның барлық аймақтарында орташа көпжылдық мәннен 4-9°С-қа жоғары ауа температурасымен аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы байқалды. Бірақ Поволжьеде орналасқан суық атмосфералық фронттардың әсерінен белсенді бұлтты массив шығысқа қарай ығыса бастады. Оның жылжуына байланысты республикадағы ауа райы өзгере бастайды», - дейді синоптиктер. 

Мамандардың болжамынша, алдағы тәулікте еліміздің батыс өңірінде бұлтты ауа райы болып, кей жерлерде жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар ауа температурасы төмендейді. 

Ал 9 қазанда солтүстік-батыс, 10 қазанда солтүстік және орталық өңірлердің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Сондай-ақ, ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі. 

Еліміздің шығысында әлі де жауын-шашынсыз және бұрынғыдай жылы ауа райы сақталады.

Синоптиктер оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда жоғарғы жыраның ықпалынан, әсіресе, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжап отыр.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлын құтқарамын деп көз жұмды: Туыстары марқұм туралы айтып берді

Марқұм таяуда ғана 30 жасқа толған екен

"Оқудан қуылады": Солтүстік Қазақстанда студенттер жаппай төбелесті

Тоқаев рахымшылық жасаған: "Қорғас ісі" бойынша сотталған Артықбаев пен Жақаев бостандыққа шықты

Сот олардың өтелмеген жаза мерзімінің бір бөлігін айыппұл жазасына ауыстырды

"Екі рет қытайларға": Қазақ келіншек үй алу үшін суррогат ана болып жүргенін айтты

Әлия Құрманәлиева: Бұл жерде жаман ешнәрсе көріп тұрған жоқпын

Мектеп оқулығындағы ата-ананың жалақысы мен несиелері туралы тапсырма желі қолданушысын ашуландырды

Желі қолданушысы: Балалары арқылы отбасылық бюджеті туралы мәліметтерді біліп алуды ұйғардыңыздар ма?

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Арқан жолымен қатты келе жатқан ер адам арқасымен және жамбасымен соғылған

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Олар инспекторлардың ұялы телефондарын тартып алып, көлікке отырып, ізін суытқан

Еліміздің үш ірі банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады

Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды

Борышын төлемегендердің қатарында депутаттарда жүр

"Миы жоқ, есесіне 720-дан астам жынысы бар": Ерекше жаратылыс жұртты таңғалдырды (видео)

Париж саябағында ерекше жаратылыс иесі орын тапты
Çàãðóçêà...