Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қар жауып, үсік жүреді

Қазақстанның оңтүстік-шығысында үсік күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Аптаның ортасынан бастап ҚР солтүстігі мен шығысына Атлантикалық
циклон әсер етуді жалғастырады, онымен жауын-шашынды және желдің
күшеюімен күзгі салқын ауа райы сақталады. Аптаның соңына қарай ел
аумағының басым бөлігінің ауа райын Батыс антициклоны анықтайды,
онымен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы күтіледі, елдің оңтүстік-
шығысында кей жерлерде үсік жүреді. Тек еліміздің батысында құрғақ және
жылы ауа райы сақталады.

Еліміздің 11 өңірінде күн бұзылады. Осыған байланысты төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жариялады.

Қазгидромет 6 өңірде ескерту жариялады. Қазақстанда алдағы күндері қар жауады .

Нұр-Сұлтан қаласында жел екпіні - секундына 15-20 метр. Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшейеді. Жел қарқыны - секундына 15-20 метр, тіпті 28 метрге дейін жетеді.

Бүгін Ақтөбе облысында желдің күші - секундына 15-20 метр, екпіні - секундына 23 метрге дейін болады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел қарқыны - секундына 15-20, кей жерлерде 25 метр.

23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы - секундына 15-20 метр, кей жерлерде тұман түседі.

23 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні секундына 15-20 метр, тіпті 25 метрге дейін жетеді. Түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Бүгін

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күші - секундына 15-20 метр, екпіні - секундына 25 метрге дейін.

23 қыркүйекте Қызылорда облысында күшті жел соғады. Қарқыны - секундына 15-20 метр. Өрт қаупі өте жоғары.

Бүгін сондай-ақ Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.

23 қыркүйекте Павлодар облысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Жел жылдамдығы - секундына 15-20 метр, екпіні - секундына 28 метрге дейін күшейеді.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, күн күркіреп, дауыл соғады. Бұршақ жауады, тұман түседі. Жел қарқыны - секундына 15-20 метр, кей жерлерде - секундына 28 метр болады.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтау маңызды.

Талқылау