Қазақстанда ит таластыру турнирлеріне заңмен тыйым салынуы мүмкін

Елімізде ит төбелесін өткізуге тыйым салынуы мүмкін. Экология министрлігі әзірлеп жатқан «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасында осындай бап бар. Бұл талапқа ит таластыруды кәсіп еткендер қалай қарайды? Дәстүрімізді зерттеп жүрген этнографтар не дейді? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

ит төбелесі

"Ит төбелестіруге байланысты наразылықтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай, заңның төртінші тармақшасында жануарлар арасында төбелестіруді, жануарлардың денсаулығына зақым келтіретін спорт түрлеріне тиым салу мәселесі қарастырылуда", - деді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы. Аян. Мейраш.

Ит таластыру үрдісі елімізде 90-шы жылдары басталған. Қазір дамып кеткені сонша, арнайы алаңдар салынған. Жүлдеге қомақты қаржы, көлік тігіледі. Тіпті, әлемдік ірі жарыстар да бізде өтеді.

Әбдірахман Сейтжан осындай сайыстарды ұйымдастырады. Өзі ит асырайды. Төбеттері талай чемпион болған. Қазір қыркүйекте өтетін ел біріншілігіне дайындалуда. Ол ит таласқа тыйым салуға қарсы.

“Мысалы, ТМД чемпионаты деген бар. Мына Таразда өтіп жатыр. Чемпионат мир деген бар. Шымкентте өтіп жатыр қазір. Чемпионат Евразия деген бар, Ақтөбеде өтіп жатыр
Бөл өзіміздің ата кәсібіміз. Төбеттерді тестілеп тексеру ол жүру керек. Бізді көре алмайтындар "иттерді қорлап жатыр", "ойбай анай иттерді бүйтіп жатыр" деп жатыды. Итті біз еш уақытта қорламаймыз. Бұл арада ережеміз бар өзіміздің. Мысалы, ит үш рет үріп қойса, оны ары қарай қинамаймыз", - дейді Әбдірахман Сейтжан – ит асыраушы.

Қандай ереже болса да, ит төбелестіру дұрыс емес. Этнограф Бағдат Мүптекеқызы осылай дейді. Оның айтуынша, қазақтың серігі болған төбеттің қадірін қызық үшін қашырмау керек.

"Тарихи дүниелерде енді этнограф ретінде иттердің төбелесін оқыған емеспін. Еш жерден де естіген емеспіз. Бұл қазақтың құрып кеткен, құрып бара жатқан байырғы иттерін қалпына келтіру деген сөз емес", - дейді "Қыран" федарциясы қоғамдық қорының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы.

"Мұнда бәске ақша тігіледі. Сондықтан, қалайда жеңімпаз итті шығару үшін оларды бір-бірімен будандастырады. Соның кесірінен ерекше тұқымдар жойылып жатыр. Қазақтың төбеті де азайып кетті. Өйткені бәрі пайданы ғана ойлайды", - деді "Қансонар" аңшылар қауымдастығының кинологы Инна Назаренко. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр