Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда кішкентай сәбидің маңдайын тіліп, хиджама жасаған орталық жабылады - ДСМ 

Атырауда кішкентай сәбидің маңдайын тіліп, хиджама жасаған орталық жабылады. Бұл туралы үкімет отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

хиджама

“Атыраудағы орталық тексеріліп, ол жердегі санитарлық-эпидемиологиялық бұзушылық болғандықтан бұл орталықты жабу рәсімделіп жатыр. Көбіне бұл ем медициналық рұқсат етілген қызметке жатпайды. Сондықтан заң жүзінде оған рұқсат ету керек пе, жоқ па, арнайы жұмыс тобы құрылып, дәстүрлі медицинамен айналысатын мамандармен бірге мәселе қарастырылып жатыр", –  деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысынан соң. 

Министрлік тарапынан Атыраудағы оқиғадан кейін дәрігерлерге халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берілген.

"Хиджама жасайтын орындар жеке медициналық орталық болып саналады. Барлық жеке медициналық орталықтарды тексеру үшін баса-көктеп кіре алмаймыз, бұзушылық туралы арыз болғанда ғана заң бойынша прокуратурамен бірігіп, тексере аламыз", – деп түсіндірді министр.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Атырауда нәрестенінің маңдайын тіліп, хиджама тәсілі арқылы емдеп жатқан видео тараған еді.

Бақытнұр Шерикбай
Сейсенбі, 28 Ақпан, 2023 11:55