Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ескі банкноттарды айырбастау мерзімі ұзартылды

Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000 және 10000 теңге номиналы бар банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзартты. Банкноталарды айырбастау жеке тұлғалар үшін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін жүзеге асырылады, дп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тұрғындардың өтінішімен осындай шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, көбіне зейнет жасындағы қарт адамдар, белгілі бір себептермен ескі банкноталарды айырбастап үлгермеген", - деді ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.

Банкноталарды айырбастау тек Ұлттық Банктің филиалдарында жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттармен айырбастау төрт жылға - 2016 жылдың 4 қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін созылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр