Қазақстанда енді “аңшы куәлігін” мобильді қосымша арқылы алуға болады
Елімізде азаматтар аң аулауға құқығын куәләндыратын “аңшы куәлігін” мобильді қосымша арқылы ала алады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: ашық ғаламтордан
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, құжат EGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді.
“Электрондық құжат оны 2023 жылдың қаңтарынан бастап ресімдеген азаматтар үшін қолжетімді. Цифрлық аңшы куәлігін eGov Mobile қосымшасында Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәләндыру үшін пайдалануға болады. Жаңа цифрлық құжатты табу үшін eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, басты беттегі "Цифрлық құжаттар" бөліміндегі "Аңшы куәлігіне" басу қажет. Цифрлық құжат - түпнұсқа құжаттың аналогы”, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, ведомствада мобильді қосымша арқылы 24 цифрлық құжатты алуға болатынына тоқталған. Бүгінде бұл қызметті еліміздегі 11,7 миллионнан астам азамат белсенді пайдаланып жүр.