Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда екі қала 5 шілдеден бастап жабылады

5 шілдеден бастап Шығыс Қазақстан облысында кіру және шығу үшін екі қала - Өскемен және Семей жабылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өскемен

Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.

"Оқиға дамуының ең жағымсыз сценарийіне жол бермеу үшін біз 5-шілдеден бастап Өскемен және Семей қалаларын жабамыз. Қалалар мен аудандарда тұрғындар мен көліктердің қозғалысын барынша азайтамыз. Мұның бәрі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жасалатын әрекет. Тек өзін-өзі оқшаулау ғана COVID-19 қарсы күрестің пәрменділігін көрсетті. Карантиндік шаралар қатаң сақталған барлық кезеңінде облыста ауырғандар саны 135 болды. Алайда, тек маусым айында бұл көрсеткіш 710 адамға артты", - деп жазды Даниал Ахметов.

Сондай-ақ, ол осы демалыс күндері қозғалысты шектеуді ұсынды.

"Бізге байланыс тізбегін үзу қажет! Қалыпты өмірге тезірек оралуымыз керек. Бірақ, оған жоғары жауапкершілік танытқан жағдайда ғана қол жеткізе аламыз", - деді ол.

Әкім кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, ХҚКО (қысқартылған кесте бойынша) жұмыс істейтінін атап өтті.

"Біз енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан бизнесті барынша қорғауға тырысамыз. Сіздерді тағы бір мәрте бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын", - деді Даниал Ахметов.

Осылайша, Ахметов Еуропа елдерін мысалға келтірді.

"Ол жақта да бастапқы кезде адамдар қабылданған қатаң шаралардан нәтиже болатынына сенбеді", - деді ШҚО әкімі.

"Бүгінде әлеуметтік қашықтық, өзін - өзі оқшаулау, маска режимін сақтау - бұл адамдардың өз қауіпсіздігі үшін жасайтын қадамдардың ең азы. Біз өз кезегімізде өңір ауруханаларын қажетті техникамен және дәрі - дәрмектермен, ал дәрігерлерді қорғаныс жиынтықтарымен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді жасадық. Қазір біздің ортақ міндетіміз шектеу шараларын бірге сақтау және вирустың таралуына жол бермеу", - деп жазды Даниал Ахметов.

Аймақ басшысы Шығыс Қазақстан кез-келген сценарийге дайын екенін атап өтті. Өңірде 1700 инфекциялық, 2500 провизорлық және карантиндік төсектер, сондай-ақ қарқынды терапия палаталары ашылған.

"Өңірде жедел медициналық көмек қызметі көрсетілмейтін елді мекен жоқ. Медициналық мекемелер мен атқарушы биліктің өзара іс-қимылының барлық алгоритмі бекітіліп, пысықталды", - деді Даниал Ахметов.

Талқылау