Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше қаласында митинг өтті

Қазақстанда бірнеше митинг болып өтті. «Оян, Қазақстан» қозғалысының қатысушылары Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында өзінің азаматтық позициясын көрсету мақсатында жастар шеруге шығыпты. Алматыда өткен шеру санцияланбаған болып шықты, митингке шыққандар жазуы бар плакаттар көтеріп, өзгерістердің болуын талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Алматы қаласындағы Республика сарайының алдындағы Абай ескерткішінің алдында он шақты адам шеруге жиналды. Шерушілер мемлекетте жаңа реформаларды енгізіп, елдегі жағдайды өзгертуді талап етті. Олар рұқсатсыз митинг өткізу мен сайлау жүйесін реформалау сынды мәселелерді көтерді. Дегенмен, санкцияланбаған митинг ұйымдастырып, оған келген қатысушыларды полицей қызметкерлері қумады. 

Қатысушылар ортаға кезектесіп шығып, билікке деген талаптарын тізіп айтты. Ал олардың даусын естіген қала тұрғындары шерудің айналасына жиналды. Шерулік акцияның соңында ұйымдастырушылар билікке резолюция жариялады. 

Кейіннен шерушілер тізбектеліп Республика алаңына бет алды. Олардың бұл қозғалысын ешкім тоқтатуға тырыспады, оларды қарапайым халық видео мен суретке түсірсе, ал көлік жүргізушілері  сигнал басып шығарып салып жатты. Шерушілердің соңғы нүктесі Тәуелсіздік монументі болды. Олар ескерткіштің алдына тұрып, Қазақстан әнұранын орындап, артынша үйлеріне қайтты.  

Талқылау