Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір түнде коронавирустың 13 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір түн ішінде коронавирустың 13 жаңа жағдайы тіркелді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Сoronavirus2020.kz сайтыныа сілтеме жасап.

коронавирус

Ең алдымен, 29 наурыз күні сағат 23:30-дағы жағдай бойынша елде коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам, Алматы қаласында - 3 адам, Атырау облысында - 6 адам, Алматы облысында - 2 адам.

Ал 30 наурыз сағат00:20-да олардың қатары 1 адамға көбейді. Бұл жолы тағы 1 адам Ақтөбе облысында анықталды.

Осылайша, коронавирусты жұқтырған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 70 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 284 науқас тіркелді.

Талқылау