Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда биыл спорт саласына қанша қаражат бөлінді? Министрлік жауап берді

ҚР мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті жыл сайын Қазақстандағы спорт саласына қанша қаражат бөлінетінін және оның қаншасы игеріліп үлгергенін бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

ақша

Сурет: factum.kz

2018 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен спорт саласына 27 891, 4 млн теңге көзделген. Оның ішінде олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлеріне 930,5 млн теңге, жоғары жетістіктер спортына 22 907,2 млн теңге, сондай-ақ, спорттағы дарынды балаларды оқытуға және тәрбиелеуге 4 053,7 млн теңге қарастырылған. 

«2019 жылы ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша республикалық бюджетте спорт саласына 29 012, 9 млн теңге көзделген, оның ішінде олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлеріне 583,3 млн теңге, жоғары жетістіктер спортына 23 804, 2 млн теңге, сондай-ақ, спорттағы дарынды балаларды оқытуға және тәрбиелеуге 4 625,4 млн теңге қарастырылған», - деді төраға орынбасары Асқар Есімов. 

Осы қаражат төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес толық көлемде игерілген. 

Талқылау