Қазақстанда биыл 6 қазанда республикалық референдум өтеді
Мемлекет басшысы референдумда "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сауалды шығаруды тапсырды.

Референдумда азаматтар өз еркімен қатысып, қойылған сауалға байланысты ойын еркін, ашық білдіре алады. Сонымен қатар жалпыға бірдей тең, төте және жасырын дауыс беру қағидаттары бойынша өткізіледі.
Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметін атқаратын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын сайлау комиссияларына жүктеліп отыр.
Бүгінде референдумды өткізіп, ұйымдастыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады