Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бала сүйе алмайтын адамдардың мәліметтер базасын құру ұсынылды

Қазақстанда сәби сүйе алмайтын адамдардың ұлттық тіркелімін құру ұсынылды.

Қазақстанда бала сүйе алмайтын адамдардың мәліметтер базасын құру ұсынылды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Репродуктолог Салтанат Байқошқарованың сөзінше, мұндай емге мұқтаж жандарды тіркеу еш жерде жүргізілмейді. Десе де мұндай база проблеманың көлемін білуге мүмкіндік берер еді. 

Маңызды мәселелердің қатарында процедураға арналған перпараттардың қымбаттығы, мемлекеттік квота санының аздығы, репродуктолог мамандардың жетіспеушілігі, сонымен қатар ем-дом әдістерінің ескіруі бар. 

«Елімізде қанша адамның бедеулік пен белсіздіктен зардап шегетінін нақты білмейміз. Қазақстанда ЭКҰ бағасы өзге мемлекеттермен салыстырғанда айтарлықтай қымбат емес сияқты көрінеді. ЭКҰ-ның негізгі бағдарламасы – шамамен 300-350 мың теңге. Алайда қазір жаңа технологиялар бар. Соның есебінен аталған бағдарлама 500 мың теңгеге дейін қымбаттады. Сонымен қатар препараттарға тағы шамамен 500 мың теңге, тексерілуге 150-200 мың теңгеге жуық ақша қажет. Сонда шығатын сома қалтаға салмақ салады. Бізде жалақының айтарлықтай жоғары еместігін ескергенде, егер адам 100-150 мың теңге тапса, бұл ЭКҰ жасатуға жетпейді», - дейді репродукция клиникасының басқарушысы Салтанат Байқошқарова. 

Ал денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов келесі жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өтетінімізді атап өтіп, қаржыландырудың айтарлықтай артатынын мәлімдеді.

«Соның есебінен тарифтер мен көлемі артады. Яғни ЭКҰ бойынша, жыл сайын көлемді арттыруды жоспарлап отырмыз. Тарифтер де артуы мүмкін. Беделулік пен белсіздікке алып келетін себептерге қатысты айтсақ, аталған жол картасының аясында нақты әрі тиімді шараларды естігіміз келеді. Себебі бедеуліктің себебін ешкім сізден жақсы білмейді. Ұрпақ сүйе алмайтын адамдардың саны артқанын күтіп, ЭКҰ-ға миллиондаған қаржы жұмсау – мәселенің шешімі емес», - дейді Біртанов. 

Талқылау