Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда автобустардың жылдамдығын төмендетпек 

Қазақстанда жолаушылар автобусының жылдамдығына қатысты шектеу қою ұсынылды. Бұл туралы әкімшілік полицияның комитет төрағасы Мақсат Байболов ІІМ-нің брифингінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

"ІІМ индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе отырып жолаушылар тасымалында қауіпсіздікті арттыру бойынша жол картасының жобасын әзірледі. Кешенді шаралар қарастырылуда. Бұл ескі автобустардың пайдаланылуына шектеу қоюға да байланысты. Өз кезегінде ол автобустар паркін жаңартуға мүмкіндік береді. Қазақстанда 90 мыңнан аса ескі автобус тіркелген", - дейді Байболов. 

Сонымен қатар, мемлекетте тасымалдаушылар, автобус жүргізушілеріне қойылатын талаптарды қатаңдатып, автобустың қайта жабдықталуына тыйым салу жоспарлануда. 

"Елді мекендерде автобустардың жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін, қала сыртындағы тасжолдарда 80 шақырымға дейін шектеу қарастырылуда. Бүгінде елді мекендерде жоғары жылдамдық сағатына 60 шақырымнан, қала сыртындағы тасжолдарда 90 шақырымнан аспауы тиіс", - дейді комитет төрағасы. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр