Еліміздің кей аймақтарында ауа райы қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды
“ҚазАвтоЖол” АҚ республикалық автожолдардағы ауа райы туралы ақпарат таратты. Оған сәйкес, еліміздің бірақатар өңірінде қар аралас жаңбыр жауады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

8 қарашада Алматы, Жамбыл, Жетісу және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Ал Абай, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Шығыс Қазақтан облыстарында қар жаууы ықтимал.
“Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз”, – деп ескерту жасады “ҚазАвтоЖол” АҚ.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда 10 жол учаскесі жабылғаны туралы айтқан еді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"