Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әскерге шақырушылар отан алдындағы борышын кейінге шегеруге онлайн-өтініш бере алады

Қазақстандық әскерге шақырылушылар енді онлайн әскерден босатыла алады немесе мерзімін кейінге қалдыра алады. Еlicense.kz электрондық лицензиялау порталында әскерден босату және әскерге шақыруды кейінге қалдыру қызметтері қол жетімді болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әскер

"Бұл қызметтерді алу үшін бұрын әскери комиссариатқа бару керек болатын. Біз әскерге шақырылушылар үйден шықпай-ақ әскерге шақырудан босатуды немесе кейінге қалдыруды онлайн режимде алу үшін бұл процесті ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп оңтайландырдық. Қызметті бес жұмыс күні ішінде тегін алуға болады", - деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметтерді алу үшін elicense.kz порталында тіркелу қажет. "Қауіпсіздік" қосымша бетінде тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдау қажет. Бұдан әрі ұсынылған және қосымша өрістерді толтырып, кейінге қалдыру немесе босату себебін, сондай-ақ әскери есепте тұрған орнын көрсетіп және құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеп, өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

Шақыру комиссиясы өтінішті қоса берілген файлдармен қарайды және әскери қызметке шақырудан босату немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну туралы қорытынды шығарады не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр