Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ардагерлерге миллион теңгеден таратылуда

Биыл Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты жиындар өткізлмейді. Есесіне бұл жұлы ардагерлерге миллион теңге тағайындалатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

ардагер

Соғыс ардагері Бөрібай Құлманов

Бүгінгі күні елордада соғыс көрген 44 ардагер тұрады екен. Қан майданда батылдығы мен батырлығы сыналғанда сүрінбегендердің жыл өте саны азайып бара жатса да, оларға деген құрмет азаймаған.

«Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, келесі санаттар бойынша әлеуметтік көмектер көрсету қарастырылған. Бірінші ҰОС қатысушылары және мүгедектері 44 адамға бір миллион теңге көлемінде көмек беріледі», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысының орынбасары Әйгерім Тәңірбергенова. 

Игіліктің ерте кеші жоқ. Бас қала береміз деп жатқанда, бірқатар өңірлер сыйлық ұсынып үлгеріпті.

«Жеңістің 75 жылдығын тойлау барысында 67 ҰОС ардагері мен мүгедегіне 1 миллион теңгеден қаржылай көрсетілді», - деді Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ермек Нуксуев.

Көлемді марапатқа қол жеткізетін ардагерлер - Қызылордада. Облыстық және жерлікті бюджеттен әр батырға 1 миллион 111 мың теңгеден беруді жөн деп ұйғарыпты. Жасы жүзге жеткен Бөрібай Құлманов кейінгі ұрпақтың мұндай сыйына риза. Екінші дүниежүзілік соғыста рота командирі болып, Мәскеу түбінде, басқа да айтулы шайқастарған қатысқан. Ақсақал, өзіне берілген сыйды қайда жұмсайтынын жоспарлап қойыпты.

«Негізгі жұмсайтыным, мынау ертең Алла қай уақытта өз қарамағына алып кетеді. Сол өзімнің жерлеуіме, барлық шығыны соның көлемінде болады», - деді соғыс ардагері Бөрібай Құлманов.

Жамбыл өңірінен соғысқа аттанып, бұл күні ел ішінде көзі тірі отырған ардагерлер саны 62. Бұл кісілерге де бір миллионнан берілмек.

«Басты себеп бұл жерде қаражат емес. Адамдардың адамға деген қарым қатынасы. Бір біріне деген ықыласы. Кезінде еңбектері еленбей қалып жатса ол әрине реніш болар еді. Ол кісілердің өзі де есептесіп жатқан жоқ. Келіп қолғанат жасап жатқанға ризашылықтарын білдіріп жатыр», - дейді Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Исмаил Қажымұратов.

Жеңістің 75 жылдығына республикалық бюджеттен әр ардагерге 600 мыңнан бөлінген. Қалғанын облыстар қосып, миллион теңгеден үлестіруде. Алайда, биыл төтенше жағдайға байланысты мерейтойға орай ұйымдастырылады деген шеруден бастап, бірқатар шаралар шегеріліп отыр.

Талқылау