Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әлеуметтік жалдамалы тұрғын үйге 240 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді — Тоқаев

Қазақстанда әлеуметтік жалдамалы тұрғын үйге 240 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

«Ризашылық білдіремін»: Тоқаев Арыстағы жағдайға байланысты қазақстандықтарға алғыс айтты

«Өз меншігіне баспана сатып алуға табысы жетпейтін азаматтарға әлеуметтік жалға алу жағдайында өмір сүруге мүмкіндік беру қажет. 2022 жылға қарай мемлекет осы мақсатта 240 миллиард теңгеден аса қаржы бөледі», - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, президент халыққа Жолдауында үкіметке азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырды.

Талқылау