Қазақстанда 5 колледж студенттерді лицензиясыз оқытқан
Қазақстанда 5 колледж студенттерді лицензиясыз оқытқан. Мемлекеттік аттестаттау кезінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бірқатар жүйелік проблема анықталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Мемлекеттік аттестаттауды өткізу барысында лицензиясыз білім беру қызметімен айналысқан колледждер анықталды. Бұл – Қостанай облысы Денисов кәсіптік-техникалық колледжі, Қарағанды облысы А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық, Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі және Теміртау жоғары политехникалық колледж”, – деді Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.
Сондай-ақ тексерілген 315 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының 198-і аттестаттаудан өтпеген. Олардың басым бөлігі Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Жетісу және Түркістан облыстарында орналасқан.
Аттестаттаудан өтпеудің себебі – техникалық және кәсіптік білім ұйымдары әзірлейтін білім беру бағдарламаларына сай болмауы, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқытушылардың сапалық құрамының (тиісті санаттағы оқытушылардың аздығы) болмауы.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік