Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады 

Елімізде 43 градусқа дейін ыстық болады. 11-13 шілде күндері ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 

Алдағы күндері елімізде 43 градусқа дейін күн ысиды

Шілде айының ортасы жаздың ең қызу кезеңі. Алдағы үш тәулікте ауа райы  ыстық және жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. 

Синоптиктердің болжамынша, күндіз сынап бағанасы +30-38°С-қа дейін, ал кей жерлерде +40-43°С-қа дейін көтеріліп, орташа көпжылдық мәннен жоғары болады. 

Тек Қазақстанның батыс өңірінде өткінші жаңбыр күтілуі мүмкін. Алайда республиканың басқа аймақтарындағыдай ыстық болады. 

Талқылау