Қазақстанда -42 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер алдағы күндері аяз жүріп, еліміздің басым бөлігінде тұман түсетінін мәлімдеді.
28 қаңтар мен 29 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Павлодар мен Қарағанды облысында -30-35 градусқа дейін аяз болады. Кей жерлерде термометр бағаны -38 градусқа дейін төмендейді.
Қостанай облысында температура көрсеткіші -27, -32 градусқа дейін түседі. Кей жерлерде бұл көрсеткіш -35 градус болады.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында да -28, – 33 грдусқа дейін түседі. Кей жерде -37, -42 гардус болады.
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жаумайды, бірақ тұман түседі, жел соғады.
Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облысы мен Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Биатлоннан футболға дейін": Жоғары аудиторлық палата миллиардтаған қаржы бөлінсе де, медаль әкелмеген спорт түрлерін атады
Спорт саласында жалпы 17 миллиард теңге көлемінде заңбұзушылық анықталған

"Бала сүймедік": Қажылыққа жинаған ақшасын мүгедек балаларға бөліп берген қария өмірінен сыр шертті
Қария үлкен қажылыққа емес, кішісіне баратын болды